Жиі қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптары Ақпаратты Алматы қаласы ТЖД сілтемесімен пайдалану керектігін өтінеміз

Жиі қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптары  Ақпаратты Алматы қаласы ТЖД сілтемесімен пайдалану керектігін өтінеміз

1.📍Халықты қабылдау пункттері қанша уақыт ішінде ашылуы тиіс?

Жауап: басшылыққа алынатын құжаттарға сәйкес, жиналу орындары бойынша халықты қабылдау пункттері әкімшілігінің жедел келу және ашылу уақыты жазда -1 сағатты, қыста -1,5 сағатты құрайды.

Алматы қаласының халықты жинау пункттері білім беру объектілері (229 мектеп және 115 балабақша) болып табылады.
Түнгі уақытта болған жер сілкінісіне байланысты осы пункттердің ашылуы қыс мезгілінде -1,5 сағат регламенттелген.
Мегаполис тұрғындарын қабылдау пункттеріне 11 мыңнан астам адам жүгінді, оның ішінде 3,5 мың бала.

2.📍Сиреналар қандай жағдайларда ескерту жасайды?

Жауап: Алматы қаласында ТЖ кезінде халықты хабардар ету үшін 843 сирена жұмыс істейді.

Сиреналар сейсмостанциялар магнитудасы 5,5 және одан жоғары тербелістерді бекіткен кезде іске қосылады. Түнде болғанжағдайда MSK -64 шкаласы бойынша ақпарат сезілмеді.

3.📍Неге СМС болған жоқ?

2019 жылы тұрғындардың шағымдарының артуына байланысты ТЖД ұялы желі операторларының техникалық мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты жер сілкінісі кезінде SMS-ескертулерден бас тартты.

Мегаполистің халқы көп, бұл екі миллионнан астам адам, кейбір абоненттерге бірнеше сағаттан кейін хабарламалар келіп, халық арасында дүрбелең туғызады.