Алматының Түрксіб ауданында ескі тұрғын үйлерді жаңарту аясында жыл соңына дейін 13 үй салынады

Алматының Түрксіб ауданында ескі тұрғын үйлерді жаңарту аясында жыл соңына дейін 13 үй салынады

Түрксіб ауданында 1247 үйдің 586-сында жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, жайлы қалалық орта құру – әкімдік жұмысының басты бағыттарының бірі.

Осы жылдың 2 тоқсанында 2 учаскеде тағы 13 үйдің құрылысын аяқтау көзделген: Кассин-Сейфуллин – 6 үй және Молдағалиев-Сауранбаев – 7 үй.

Бұған қоса, «Алтай-2» шағын ауданында жеке құрылыс салушы 54 үйді жаңартуды жоспарлап отыр. Қазір 6 үй (43 пәтер) сатып алынып, 2 тоғыз қабатты үйдің (100-ден астам пәтер) құрылысы басталады.

2023 жылы Түрксіб ауданында барлығы 5 үй (121 пәтер) салынды, оған жақын маңдағы ескі үйлердің тұрғындары қоныс аударды.