
Республика бойынша 64 мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары «Үздік педагог» атағына ие болды. Топ жарғандардың арасында Алматы қаласының 6 ұстазы бар:

Республиканың үздік педагогтарын ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев марапаттады. Жеңімпаздарға «Үздік педагог» төсбелгісін және 3 450 000 (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
Айта кетейік, «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар ұстаздар үміткер бола алады. Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатысты.
«Үздік педагог» конкурсы 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Осы күнге дейін 624 педагог үздік деп танылып, олардың әрқайсысына мемлекеттік қолдау ретінде 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы беріледі.

Биыл конкурсқа қатысу үшін барлығы 961 өтінім берілді. Конкурсты өткізу рәсімінің өзі автоматтандырылған және ашық түрде өтті. Республикалық конкурстық комиссияның құрамына үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар қауымының өкілдері, журналистер, белсенді педагогтер, Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының өкілдері және т. б. кірді.