Орталықсыздандыру: Алатау ауданында 60 көшедегі жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Орталықсыздандыру: Алатау ауданында 60 көшедегі жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Алматы қаласының Алатау ауданында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 60 көшедегі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған 23 мың шаршы метрден 15 мың шаршы метр жол жабыны жөнделді. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының қолдауымен Алматы әкімдігінің бастамасы аясында биыл 1 сәуірден бастап аудан әкімдігі бюджетті 3,1 есеге - 184,3 млрд теңгеге дейін арттырып, 15 функция берді.
Бүгінде аудандағы 7 шағын аудандағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр және ұзындығы 61 км болатын Ф.Оңғарсынова мен Н.Данченко атындағы екі үлкен көшеде жаңа жолдар салынып жатыр.

Сондай-ақ, әкім орташа жөндеу жұмыстары аяқталған шағын аудандарды атап өтті, олар: Томирис, Қарасу, Алғабас, Теректі, Ақбұлақ және Зерделі. Сайын көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке биге дейін ұзартылуда, оның ұзындығы 3,2 км. Бұдан басқа, Сайын мен Мөңке би көшелерінің қиылысында толық беде түрінде жолайрық салу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, бес жерасты жаяу жүргіншілер өткелінде брусчаткалар мен тактильді плиталар ішінара ауыстырылды, төбелерге софиттер, вандализмге қарсы жарықтандыру құрылғылары, бейнебақылау жүйесі (Райымбек даңғылы, Момышұлы көшесінің қиылысы - 3 жерасты өткелі; Момышұлы көшесі Райымбек даңғылынан жоғары - 1 өткел; Райымбек даңғылы Ақкент шағын ауданынан бұрылыс – 1 өткел) орнатылды.

«18 жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, онда сыртқы жарықтандыру шамдарын ауыстыру, көтергіш механизмдер мен электр жетегі бар лифттерді күрделі жөндеу, бейнебақылау орнату, арбамен және велосипедпен түсетін орындарды орнату, іргелес аумақты көгалдандыру және абаттандыру қарастырылған», - деді аудан басшысы және күрделі жөндеу жұмыстары биылғы жыл соңына дейін аяқталатынын айтты.

Аудан басшысы өз сөзінде тротуарлардың құрылысына ерекше назар аударылғанын атап өтті. Бүгінде жалпы ауданы 27 050 ш. м болатын 8 шағын ауданда техникалық тротуар салу жұмыстары жүргізілуде.

«Тротуарлардың құрылысы тұрғындар «шағын соқпақ» деп аталатын жасыл аймақтарда жүзеге асырылады, бұл шаңды көтереді, жер эрозиясы пайда болады және суару жүйесі жабдықтары зақымдалады», - деп түсіндірді А.Қалдыбеков.

Аудан басшысы инженерлік инфрақұрылымды дамыту және қалпына келтіру мәселелеріне де тоқталды. Мәселен, жалпы ұзындығы 306,9 км болатын сегіз шағын ауданда құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарлануда. Биыл барлығы Шапағат, Болашақ, Рахат-Мәдениет және Өжет сияқты бес шағын ауданда құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. 3 кезекте Алғабас шағын ауданы.