Алматыда су құбыры желілерін салуды аяқтау үшін 28 қазаннан 30 қазанға дейін Боралдай тас жолында қозғалыс шектеледі

Алматыда су құбыры желілерін салуды аяқтау үшін 28 қазаннан 30 қазанға дейін Боралдай тас жолында қозғалыс шектеледі

Алатау ауданында Барыс көшесінен Жаужүрек көшесіне дейін екі жаққа да көлік қозғалысы шектеледі. Асфальтбетон жабынын қалпына келтіру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу енгізіледі. Осылайша, 3,8 км су құбыры желілерін және 4,6 км кәріз желілерін салу аяқталады. Бұл Алатау ауданының 2,5 мың тұрғынын қамтиды, олар үздіксіз орталық сумен жабдықтауға қосылады. Ал бұрын олар жеке компанияның қызметін пайдаланған.

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз. (Автобус маршруттары №10, №124, №81).

Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, биыл 20 нысан бойынша 108,4 км су құбыры және кәріз желілерін (81,1 км су құбыры және 27,3 км кәріз) салу жоспарланған, бұл халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін 99,2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, желілерді салу және жаңғырту жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде, себебі бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Мәселен, былтыр Наурызбай, Алатау және Түрксіб аудандарының 18 шағын ауданы бойынша 153,9 км сумен жабдықтау және 118,3 км су бұру желілері салынды (60 мыңға жуық адам қамтылды). Жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында сумен қамту желілерінің тозуы 56,2%-дан 55,8%-ға және кәріз желісінің тозуы 58%-дан 57,5%-ға дейін төмендеді.

 

Боралдай тас жолында су құбыры желілерін салып бітіру үшін Барыс көшесінен Жаужүрек көшесіне дейін екі 28 қазан сағ.10:00-ден 30 қазан сағ.20:00-ге дейін көлік қозғалысының толық шектелуіне байланысты келесі маршруттардың қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі:

№124 – солтүстік бағытта – Мәмбетов көш. – ҮАК бойы көш. – Саин көш. –Жаужүрек көш. - одан әрі сызба бойынша;
№124 – оңтүстік бағытта - Жаужүрек көш. - Саин көш. - ҮАК бойы көш. - Мәмбетов көш. - одан әрі сызба бойынша;
№81 - солтүстік бағытта - Жанқожа батыр көш. - ҮАК бойы көш. - Саин көш. – Центральная көш. - одан әрі сызба бойынша;
№81 - оңтүстік бағытта – Центральная көш. - Саин көш. - ҮАК бойы көш. - Жанқожа батыр көш. - одан әрі сызба бойынша;
№10 - солтүстік бағытта - Мәмбетов көш. – ҮАК бойы көш. – Саин көш. –Жаужүрек көш. - одан әрі сызба бойынша;
№10А - оңтүстік бағытта - Жаужүрек көш. - Саин көш. - ҮАК бойы көш. - Мәмбетов көш. - одан әрі сызба бойынша;
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.

Алматы қ. қалалық мобильділік басқармасы