Алматының коммуналдық қызметтері жаңбырға байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Алматының коммуналдық қызметтері жаңбырға  байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Алматыда 13-14 қазанда жаңбыр жауады. Арық бітеліп қалмас 13 қазан күні сағат 8.00-ден бастап 38 патрульдік бригада жұмысқа шығады. Су тасқынының алдын алу және жою үшін барлығы 168 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпа және 757 жұмысшы жұмылдырылды.

1800 қап құм жиналды. Аудан әкімдіктерінде жағдайды бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.