
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерінің қатысуымен төтенше жағдай кезеңінде халыққа қолдау шаралары туралы онлайн-брифинг болып өтті.
Оған Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, «ИЛЬДАШ» татар гуманитарлық дамыту орталығының төрайымы, Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, ҚХА мүшесі Нұрия Ниязова, Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Алматы көпір конструкциялары зауытының директоры Ахметжан Шардинов, «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы, ҚХА мүшесі Рустам Қайрыев, ҚХА Алматы қаласы «Барбанг» күрд қауымдастығының Вице-президенті, «Нұр Отан» партиясы мен ҚХА мүшесі Вакиль Набиев, соғыс ардагері, «Қазақстан дүнген қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбубәкір Вайсырұлы қатысып, Қазақстан халқын 1-мамыр мерекесімен құттықтады.
Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов:
Барлығымыздың тілегіміз бір
- Өздеріңізге белгілі, біз 16 наурыздан бастап ТЖ режимінде өмір сүріп жатырмыз. Мемлекет экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты жақсарту, азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтау жөнінде бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдауда. Қазақстандықтар қабылданып жатқан шараларды бірлік пен ынтымақтың, тәртіп пен талаптың қатаң сақталуы арқасында әлемді әбігерге салған індетпен күресіп келеді. Барлығымыздың тілегіміз бір. Халық игілігі үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан игі шаралардың барлығына қолдау көрсете отырып, бұл күннің де артта қалатынына сеніміміз мол. Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан халықтары Ассамблеясы төтенше жағдай кезінде барлық істерге атсалысып, сақтық шараларын бақылауда ұстауы тиіс – бұл біздің ортақ міндетіміз» екенін атап өтті. «Бір біргеміз!» акциясы аясында «Алматы қаласы ҚХА волонтерлері белсенді жұмыс жүргізуде. Олар тәуекелдерге қарамастан көмекке мұқтаж жандарға күнделікті көмектесіп келеді. Бүгінде Түрксіб ауданының 350 отбасы азық-түлік жиынтығын алды, 50 жалғыз басты зейнеткерлер күн сайын азық-түлікпен қамтамасыз етілді, 30 көп балалы отбасына 30 мың теңгеден материалдық көмек көрсетілді.Қазақстандықтар ел басына күн туған сын сағатта да өздерінің бірлігі мен татулықтарын, өз отанының патриоты екендіктерін көрсетіп, ТЖ кезінде барлық шараларды сақтауға шақырамын. Себебі, біздің әл-ауқатымыз бен денсаулығымыз өз қолымызда, - деді ол..
Барбанг Вакиль НАБИЕВ, Қазақстан күрдтер қауымдастығының Вице-президенті:
Ел бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетті
Бұл мереке достық, түсіністік пен келісімнің символына айналды. Біздің ортақ игілігіміз бен символымыз «Әралуандықтағы бірлік» формуласында көрсетілген этностар арасындағы келісім болып табылады.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі бейбітшілік пен келісімді дамытуға, сақтауға және нығайтуға өз үлесін қосуды көздейді. Биыл біздің республикамыздағы бірегей институтқа 25 жыл толып отыр.
Карантин кезінде балалар үйінің 20 түлегіне азық-түлік себеті түрінде көмек көрсетті. Бүгінде аталмыш ұйым 100-ден астам түлекті қамтып отыр, қауымдастық Қазақстанның балалар үйінің барлық мұқтаж түлектеріне белсенді көмек көрсетуін жалғастыруда. Бүгінгідей қиын кезеңде ел үшін жеке жауапкершілікпен қатар әлеуметтік ынтымақтастық маңызды.
Алматы және Алматы облысында «Бәріміз біргеміз» 500-ден астам азық-түлік пакеттері әлеуметтік жағынан осал азаматтарға жеткізілді. Мұндай көмекті алушылар санатына жалғыз басты қарт адамдар, аз қамтылған көп балалы отбасылар, ерекше қамқорлықты қажет ететін жандар кіреді. Мұқтаж жандарға көмектесу үшін еріктілердің мобильді бригадалары құрылды. Олар атаулы көмекті таратуды қамтамасыз етті.
«Коронавирус індетімен күресу – азаматтардың пандемияға қарсы тұрудағы бірлігі мен ұйымшылдығын көрсетті. Сондықтан ел игілігі үшін жасалып жатқан қайырымдылық акциясы ТЖ барлық кезеңінде жалғасады. Біз қазақстандықтарға шыдамдылық, сабыр, денсаулық және бақыт тілейміз. Әрбір этнос өзінің мәдениеті, өзіндік ерекшелігімен ерек. Әрбір этнос өкілінің тілі бөлек болғанымен, тілегі бір, түрі бөлек болғанымен – жүрегі бір. Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!», - деді Қазақстан балалар үйі түлектерінің қауымдастығы» ЗТБ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Вакиль Набиев.