2020 жылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша көпқабатты тұрғын үйлерді, балалар және спорт алаңдарын дезинфекциялық өңдеу

2020 жылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша көпқабатты тұрғын үйлерді, балалар және спорт алаңдарын дезинфекциялық өңдеу

Кіреберістер мен аулалар бойынша

7 мамыр күні жоспарланған 2837 үйдің 7922 кіреберісі және 1311 аула аумақтары 100% өңделді.

Дезинфекция жұмыстарына 64 бригада немесе 454 адам жұмылдырылып, 74 000 литр дайын ерітінді қолданылды.

2020 жылдың 8 мамырында жоспар бойынша 2984 үйдің 8264 кіреберісін дезинфекциялау және 1426 аула аумағын өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмысқа 64 бригада құрамындағы 454 адам жұмылдырылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша

7 мамыр күні 5 848 мың шаршы метр көше және 758 мың шаршы метр тротуар, 188 контейнерлік алаң және 908 контейнер өңделді. Жұмысқа 85 дезинфектор жұмылдырылды, сондай-ақ медициналық мекемелердің 318 мың шаршы метр аумағы өңделді.

Көшелер мен тротуарлар, көше жәшіктері, орындықтар, аялдамалар, жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін жуу және дезинфекциялау үшін:

– 163 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекция үшін 79 бірлік);

– 973 жол жұмысшылары (оның ішінде 130 дезинфектор).

564 мың литр ерітінді жұмсалды (жұмыстың басынан есептегенде барлығы – 13 712 мың литр ерітінді қолданылған).

Сондай-ақ 432 контейнерлік алаңды дератизациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жүруде. Оған 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылған.

Тәулігіне шығарылған қоқыс көлемі 1320 тоннаны құрады.

8 мамыр күні жоспарлы жұмыстар бойынша:

– 163 бірлік арнайы техника (оның ішінде 79 бірлік дезинфекцияға);

– 971 жол жұмысшылары (оның ішінде 126 дезинфектор).

Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, сонымен қатар 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

Сондай-ақ кестеге сәйкес 12 медициналық мекеменің 318 мың м2 аумағына дезинфекция жүргізілді (оның ішінде жұқпалы аурулар – 4, провизорлық – 3, карантиндік – 5 мекеме).

Бұл жұмысқа 7 бірлік арнайы техника, 7 дезинфектор жұмылдырылды.