Алматының Түрксіб ауданында 10 тұрақты су басып қалатын орын жойылды

Алматының Түрксіб ауданында 10 тұрақты су басып қалатын орын жойылды

Ауданда ТЖ желісі бойынша 10 тұрақты су басу орны жойылды. Ол үшін 1,7 шақырым арық желілері салынып, коллектор тазаланды.

"Сонымен қатар, экология басқармасымен 57 учаскеде 41 км арық желісін салу жұмыстары жалғасуда, оның ішінде бүгінде 16 учаскеде 6,9 км-ден астам құрылыс салынды, ал жыл соңына дейін 6 учаскеде тағы 2 км желі салынады. Жалпы ұзындығы 32,1 км қалған учаскелер бойынша жұмысты 2024 жылы аяқтайтын боламыз", - деді қала басшысы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде