
Алматы қаласында 12-17 қыркүйек аралығында мына көшелер бойынша автомотокөліктердің қозғалысы шектеледі:
- Медеу ауданында Бегалин көшесі бойынша № 55 тұрғын үйден Қабанбай батыр көшесіне дейін;
- Алмалы ауданында Досмұхамедов көшесіндегі № 83 тұрғын үйден Қабанбай батыр көшесіне дейін.
Аталған көшелердің астынан өтетін магистральдық құбырлар учаскелерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамту үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және аталған қалалық аумақтардың жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу учаскелері туралы маңызды ақпараттарды Алматы жолы телеграм-каналынан алуға болады https://t.me/AlmatyJoly.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС