Тұрғынның сұрағы: Бізге көмектесетін тазалықшыларды бергеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Мен 1994 жылдан бері жылжымайтын мүлік иелері қауымдастығының төрағасымын. Менің сұрағым мынау: жер шұңқыр, үйге кіретін жол жоқ. Шілде айында шұңқырды жамап, тегістеп береміз деп уәде бергенсіздер. Емін-еркін жүріп-тұру үшін жолды жөндеп беруіңізді сұраймын.
Мекен-жайы: Эйхе көшесі, 21.
Алматы әкімі Ерболат Досаев:
Өкінішке қарай, Жетісу ауданында өз жұмыстарын сапасыз орындайтын мердігерлердің белгілі бір тізімі бар. Солардың бірі - "Сұңқар" ЖШС, Оларды сапасыз жұмыстарын қалпына келтіруге мәжбүрлейміз. Мен әкімдікке сіз айтқан мекенжай бойынша тапсырма беремін. Біз қыркүйек айының соңына дейін жұмысты аяқтауға тырысамыз: оны мүмкіндігінше ыңғайлы етіп жасаймыз және қыста ешқандай проблема болмайды.
Бұған дейін, баяндама барысында мегаполис әкімі биыл Жетісу ауданында 18 көшеде 22 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланғанын хабарлады. 4 көшеде (Омаров, Қазыбаев, Қожамияров, Қазыбаев көшесі) жол жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады, қалған 14 көше ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады. Қазан айының соңына дейін ағымдағы жөндеумен тағы 7 мың м2 қамтылады.