Жетісу ауданында 80 км сумен қамту және 71 км кәріз желілерін салу бойынша екі жаңа ірі жобаны іске асыру басталды. Бұл туралы тұрғындармен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
«Биыл біз 14 км сумен қамту және 18 км су бұру желілерін салуға ниеттіміз. Маусым айында мердігерлермен келісімге қол қойылды. Бірінші жоба бойынша Кемел шағын ауданында жалпы ұзындығы 69 км жобаны іске асыру үшін «АлматыИнжСтрой» компаниясымен, екінші жоба бойынша ұзындығы 82 км желілерді салу үшін мердігер «НКО» ЖШС анықталды», - деді әкім.
Жобаларды іске асыру Кемел шағын ауданын, Солтүстік айналымның шығыс бөлігі мен Палладин көшесіндегі сайды орталықтан сумен жабдықтау және су бұру желілерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыстар 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталады.