Алмалы ауданында су басуды болдырмау үшін қыркүйек айының соңына дейін 8 учаске бойынша жұмыстар аяқталады

Алмалы ауданында су басуды болдырмау үшін қыркүйек айының соңына дейін 8 учаске бойынша жұмыстар аяқталады

Алмалы ауданында жауын-шашын кезінде су басатын учаскелер саны азаяды. Әкім Ерболат Досаевтың айтуынша, 52 учаскеде 34 шақырым арық желісін қайта құру және салу жұмыстары жалғасуда.

"Бүгінде 17 учаскеде жұмыс аяқталды, қыркүйек айының соңына дейін жалпы ұзындығы 23,8 км қалған 27 учаске бойынша жалпы ұзындығы 2,7 км болатын тағы 8 учаскеде жұмысты аяқтаймыз. Нөсерлі жаңбыр кезінде біз қолданыстағы арық желілері су ағынына төтеп бере алмайтын қосымша учаскелерді анықтадық,сондықтан жобаға соманы ұлғайтпай тиісті түзетулер енгізілді", - деді Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде.

Бұған дейін Мемлекет басшысының алдында сөйлеген сөзінде ол жалпы қалада 2024 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланған 376 шақырым арық желілерін қайта құру және салу жүргізіліп жатқанын атап өтті.