Алмалы ауданында 1 тамыздан бастап аудан әкімдігі "АлматыгорСвет" АҚ-мен көше жарығына қызмет көрсету бойынша өздігінен келісімшарт жасасты. Қазіргі уақытта тұрғындардың 50-ден астам өтініші орындалды, деп атап өтті әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде. Осылайша, жиі үзілістер мәселелерін шешлуде.
"Бұған дейін тұрғындарда көше жарығының қазіргі жағдайы көптеген сұрақтар тудырған болатын. Жиі үзілістер, келіп түскен өтінімдерді орындаудың қанағаттанарлықсыздығы орын алды. Атап айтқанда, Алмалы ауданы бойынша күту уақыты 2 айға дейін болды, ал қызмет көрсету ұйымы тек 1 апаттық бригаданы жұмылдырды. Қазіргі уақытта жағдай жақсаруда: 7 бригаданың тәуліктік шығуы қамтамасыз етіліп, өтінімдерді орындау уақыты 5 күнге дейін қысқарды. Төле би, Гоголь, Абай көшелерінде жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", - деді әкім.