Қаланың коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту алматылықтардың жайлы өмірін қамтамасыз етуге бағытталған. Инженерлік инфрақұрылымның ағымдағы тозуы ТКШ-да тұрақты апаттарды, әрі басқа да келесіздіктерді тудырады. Коммуналдық қызметтер құнының шамалы өзгеруі есебінен "Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасы коммуникацияларды жөндеу және ауыстыру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізу үшін қаржыландыруды ұлғайтуды білдіреді.
"Біз жыл сайын жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 1,7-2% –ға (2027 жылы 49% – ға дейін), сумен жабдықтау желілерінің тозуын 1,6% – ға (49%-ға дейін) және электрмен жабдықтау желілерінің тозуын 1,2% - ға (59% - ға дейін) төмендетуге ниеттіміз", - деп атап өтті Алматы әкімі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру барысында.
Ерболат Досаев билік ХӘОТ санатындағы топтары үшін тарифтердің өсуін өтеу тетігін қарастырғанын атап өтті. Мәселен, 2023 жылдың соңына дейін 315 мың алматылықтар коммуналдық қызметтер құнының 100% - ға жуық өсімін жабатын төлем ала алады. Бұл мақсаттарға бюджетке 3,3 млрд теңге салынды.