
Халықтың мәселелерін сапалы және жедел шешу өкілеттіктер мен жауапкершілікті сауатты бөлу арқылы мүмкін болады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Бюджет кодексіне өзгерістер енгізіліп, азаматтармен өзара іс-қимыл бойынша 15 функция қалалық деңгейден аудандық деңгейге берілді. Мәселен, жолдарды ағымдағы жөндеу, инженерлік желілерді салу және жаңғырту, ХӘОТ санаттарын қолдау мәселелері Алматының 8 аудандық әкімдігінің қарауында. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының алдындағы есеп барысында мәлімдеді.
"Берілетін функцияларды тиімді жүзеге асыру үшін 8 аудан әкімдігінің штат саны 152 бірлікке, оның ішінде 96 қалалық басқармалар есебінен ұлғайтылды", – деді Ерболат Досаев.
Жаңа өкілеттіктерге сәйкес аудан әкімдіктерінің бюджеттері 3 есеге өсіп, 183,3 млрд теңгеге жетті. Ағымдағы жылдың соңында жаңа функцияларды аудандық деңгейге беру анықталады, деп нақтылады Алматы әкімі.