Алматының Алатау ауданында балалар үшін инновациялық шығармашылық орталық ашылады

Алматының Алатау ауданында балалар үшін инновациялық шығармашылық орталық ашылады

Алматының Алатау ауданында аптасына 5 мыңнан астам бала қатыса алатын инновациялық шығармашылық орталықтың (Оқушылар сарайы) құрылысы аяқталды. Бұл туралы қала тұрғындарымен кездесуде әкім Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Алатау ауданында осындай деңгейдегі шығармашылық орталық алғаш рет ашылуда. Шығармашылық орталығының ашылуы 21 тамызға жоспарланған», - деді ол.