Алматыдағы «14 территория» шағын ауданында инженерлік желілер қазан айының соңына дейін салынады«

Алматыдағы «14 территория» шағын ауданында инженерлік желілер қазан айының соңына дейін салынады«

Соңғы 7 жыл ішінде Алатау ауданындағы ең өзекті мәселелердің бірі «14 территория» ш/а-да аяқталмаған инженерлік желілер мәселесі болды. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мәлімдеді.

«Алматы қаласы прокуратурасының ұсынысы негізінде мен ТЖ желісі бойынша құрылыс жұмыстарын аяқтау туралы шешім қабылдадым, бұл үшін бюджеттен 2,7 млрд.теңге бөлінді. Маусым айынан бастап 14 көше бойынша инженерлік желілер салынуда. Ал 3 көшеде-Сусанин, Душанбинская, Нарвская-жол қалпына келтірілуде», - деді ол.

Қалған 11 көше бойынша желілерді салу жұмыстары аяқталған соң қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Барлық жұмыстарды аяқтау 2023 жылдың қазан айының соңына дейін жоспарланған.