Ерболат Досаев Алматы қаласының Алатау ауданында электр қуатының өшіп қалу мәселесінің қалай шешіліп жатқаны туралы айтты

Ерболат Досаев Алматы қаласының Алатау ауданында электр қуатының өшіп қалу мәселесінің қалай шешіліп жатқаны туралы айтты

"Алғабас", "Теректі" және "Көк-Қайнар" шағын аудандарында электр қуатын жиі ажырату мәселесін шешу үшін 31 трансформаторлық қосалқы станция орната отырып, 81,3 км иесіз электр желілерін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді. Аяқталуы ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

«Бүгінгі таңда жоспарланған 2424 тіректің 1700-і орнатылды. Жабдықтар сатып алынды, кабель желілерін салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде», - деді әкім.