Алатау ауданының Алматыға қосылған аумақтарының тұрғындарын сумен және кәрізбен қамтамасыз етеді

Алатау ауданының Алматыға қосылған аумақтарының тұрғындарын сумен және кәрізбен қамтамасыз етеді

Функциялардың бір бөлігі Алматыға берілгеннен кейін Алатау ауданында ұзындығы 295 км инженерлік желілерді салу басталды, деп хабарлады қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде. Атап айтқанда, маусым айында "Алғабас" және "Шапағат"шағын аудандарында ауыз су және кәріз жүйелерін салу жұмыстары басталды. Жұмыстар 2024 жылдың қазан айында аяқталады. Ал "Болашақ" ағымдағы жылдың қазан айында абоненттер сумен және кәрізбен қамтамасыз етіледі.

«Сондай-ақ қараша айына дейін "Саялы" шағын ауданында кәріз жүйелерін салуды аяқтау жоспарлануда. Тамыз айында "Теректі", "Рахат-Мәдениет" шағын аудандарында сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталады», - деді ол.