Қараша айында «Самғау» және «Өжет» шағын аудандарында 5 кәріз-сорғы станциясы салынады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Жұмыс қараша айында аяқталады.
Сонымен қатар, «Қарасу және» «Шаңырақ-1» ш/а жалпы ұзындығы 150 км су құбыры мен кәріз желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Қарасу» шағын аудан бойынша жұмыстар тамыз айының соңына дейін, ал «Шаңырақ-1» ш/а бойынша қазан айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді қала басшысы.