
Алматы қаласы Бостандық ауданының жасыл қорын сақтау үшін көлемі 163,4 габолатын 27 учаскеде суару құбыры орнатылды, барлық учаскені автоматтандырылған суару жүйесіне көшіру мәселесі қарастырылуда.
Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты.
90 көшеде 55,2 км арық желісін салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде: Алатау шағын ауданында - 28,7 км, Нұр-Алатау шағын ауданында - 4,1 км, Жайлау және Қарағайлы шағын аудандарында – 3,2 км және ауданның басқа бөліктерінде - 19,2 км.
Маусым айында көше бойындағы апатты жағдайдағы ағаштардың бұтақтарын кесу жұмыстары басталды. Жоспарланған 4500 ағаштың 2600-інің бұтақтары санитарлық мақсатта кесіліп, жоспарланған 2500-ден 600 апатты жағдайдағы ағаш кесілді.