Медеу ауданындағы биылғы екінші кездесуінде Ерболат Досаев қала әкімдігінің Каменское плато аумағында су проблемаларын шешу бойынша нақты түсінігі бар екенін айтты.
«Каменское плато қалаға қосылған аумақ. Ондағы проблемалардың барлығы бұрын пайда болған. Аудан әкімі екеуміздің осы проблемаларға қатысты өз ойларымыз бар. Біріншіден, сумен және кәрізбен қамтамасыз ету. Биыл Балқаштағы жұмыстарды аяқтасақ, тұрғындарды базалық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеміз. ТЖ аясында мен Балқашта және басқа жерлерде жаңа резервуарлар, сондай-ақ жаңа сорғы станциясы мен желілер салу үшін 3,5 млрд.теңге бөлдім. Ал балабақшалар мен оңалту орталықтары туралы – олардың барлығы жергілікті бюджетпен қаржыландырылады», - қала басшысы айтты