Алматыда үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді

Алматыда үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешілді

Бұл туралы мәслихаттың VI сессиясында Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева хабарлады.

"2022 жылдың желтоқсанында Алатау ауданындағы Мәдениет ш/а 1500 орындық жаңа мектеп салу есебінен үш ауысымдағы соңғы №196 мектеп жойылды. Орын тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу үшін Мемлекет басшысы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыруға қолдау көрсетіп, 2030 жылға дейін бір ауысымды оқытуға көшуді қамтамасыз етуді тапсырды", - деді ол.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында мегаполисте 37 100 орындық 22 мектеп салу жоспарланған.
Сондай-ақ, 5570 орындық 11 нысан іске қосылады, оның ішінде:
- бюджет есебінен 1500 орындық бір мектеп (Қайрат шағын ауданы);
- 920 орындық 4 қосымша (№ 48, 148, 112, №9 ШИ);
- 3150 орындық 6 жекеменшік мектеп ашу.