Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімде Алматыда іскерлік белсенділікті қалпына келтіруді тапсырды. Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің айтуынша, әкімдік 16,2 млрд.теңге сомасында зардап шеккен 1640 кәсіпорынға келтірілген залалды өтеген. Олардың 95%-ы төлемдерді қысқа мерзімде - ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін алды. Ол бұл деректерді мәслихаттың VI сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.
Қаржының бір бөлігі "Жаңа Алатау" қорынан бөлінді – олар 1 294,8 млн теңгеге 636 өтінімді қайтаруға көмектесті. Ал бюджет қаржысы есебінен 14 899,5 млн теңгеге 1 011 өтінім қанағаттандырылды.