Мәслихаттың VI сессиясында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин қаладағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-ға өскенін хабарлады. Бұл 2022 жылы 5,1% деңгейде болған мегаполистің экономикалық өсуіне елеулі үлес қосты.
Сондай-ақ, әкім орынбасарының айтуынша, ШОБ қолдау шаралары оның мегаполис экономикасындағы үлесін 57,8%-ға дейін арттыруға көмектесті.