Алматыда жаңа бағыт ашылады

Алматыда жаңа бағыт ашылады

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы халқымен кездесуі барысында түскен өтінішке орай 12 маусымнан бастап Жас қанат шағын ауданын Райымбек даңғылымен байланыстыратын жаңа №9 бағыт іске қосылады.
Ол "Райымбек батыр" метро бекеті аялдамасынан Назарбаев даңғылы бойымен, одан соң Райымбек даңғылы - Сүйінбай көшесімен, әрі қарай Хмельницкий көшесінен «Жас қанат» шағын ауданына дейін барады. Одан соң көлік бағыт бойынша кері қайтады.
Желіде 8 автобус 8 минуттық жиілікпен жүретін болады.

Алматы қалалық мобилділік басқармасы