Алматыда «Жас қанат» жас орындаушылар байқауы өтеді

Алматыда «Жас қанат» жас орындаушылар байқауы өтеді

1-3 маусым аралығында Республика Сарайында «Жас қанат» Республикалық жас орындаушылар байқауы өтеді. Байқау Алматыға 3 жылдық үзілістен кейін жаңа ережемен қайта оралды.

Байқаудың әр күні еліміздің барлық өңірінен келген 16-27 жас аралығындағы жас таланттар әртүрлі музыкалық сүйемелдеумен өнер көрсетеді. Байқаудың бірінші күні олар қойылымымен өнер көрсетеді. Екінші күні қатысушылар Александр Беляков жетекшілік ететін эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ән шырқайды. Ал үшінші күні оларды музыкалық продюсер және дирижер Илья Башкатовтың жетекшілігімен үрмелі аспапта ойнайтын бэнд сүйемелдейді.

3 жүлделі орынға қоса биылғы байқауда «Азия Дауысы» фестивалі мен «Жас қанат» байқауын негізін салушылар - Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономарев атындағы Гран-при бар. Сонымен қатар, «Жас Қанат 2023» аясында «Жас Қанат – Балалар» бірінші республикалық балалар шығармашылығы байқауы өтеді. Жас дарындар екі номинация – вокал және сурет байқауы бойынша бақ сынайды.

«Жас қанат» байқауы еліміздің мәдени өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ол тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша сүйікті және танымал 100-ден астам орындаушыға жол ашты, олардың ішінде: Нұрлан Абдуллин, Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, «Үркер» тобы, Димаш Құдайберген, Бақыт Шадаева, Жанар Доғалова, Мәдина Сәдуақасова, Сәкен Майғазиев, Бейбіт Қорған және т.б. Көпшілігі «Славян базары» (Беларусь), «Памуккале» (Түркия), «Азия музыкалық фестивалі» (Шанхай, Қытай), «Интерталант» (Чехия), Каир ән фестивалі (Египет), Вильнюс ән фестивалі (Литва) және FIDOF – Фестиваль ұйымдарының халықаралық федерациясы және MIDEM – Еуропадағы ең ірі музыкалық жәрмеңкенің гала-концерттеріне қатысты.

Байқауды Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Азия дауысы» халықаралық фестивалі» қоғамдық қоры ұйымдастырған.
Байланыс телефон: Марат Қайырбеков, «Жас қанат-2023» республикалық жас орындаушылар байқауының баспасөз хатшысы, 8 777 363 2820