Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, 2023 жылдың ақпан айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді.
Кездесуге көпбалалы отбасылардың 90 анасы келді, әкімдер 101 сұраққа жауап берді. Оның 67-сі бойынша түсініктемелер берілді, кездесулерден кейін 14 мәселе пысықталды, тағы 20-сы жұмыста.
Негізгі мәселелер:
- тұрғын үй алу тәртібі (кезекке қою) - 27 (27%);
- білім беру (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, Artsport бағдарламасы) - 14 (14%);
- денсаулық сақтау - 8 (8%);
- әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жиынтықтары) - 9 (9%);
ТКШ және абаттандыру (газ қосу, сумен жабдықтау және су бұру) - 9 (9%);
- жұмысқа орналастыру және Бизнеске арналған гранттар - 4 (4%);
- көлік - 2 (2%);
- алимент - 1 (1%);
- басқалары – 27 (27%).
Қала әкімі аудан әкімдерінің қаланың көпбалалы аналарымен 2023 жылғы наурызға арналған кездесулерінің тиісті кестесін бекітті.
Еске салсақ, бұған дейін аудан тұрғындарымен кездесулер барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын.
Аудан әкімдерінің 2023 жылдың наурыз айында қаланың көпбалалы аналарымен кездесулерінің
Кестесі
|
Өтетін күні |
Өтетін уақыты |
Өтетін орны |
Ескерту |
|
Алатау ауданы |
|||
|
15.03.2023 ж. |
10.00 |
Алатау ауданы әкімінің аппараты ( Жанкожа батыр көшесі, 26) |
|
|
Алмалы ауданы |
|||
|
17.03.2023 ж. |
10.00 |
«Бақытты отбасы» орталығы (Наурызбай батыр, 106 А) |
|
|
Әуезов ауданы |
|||
|
10.03.2023 ж. |
9.00 |
Әуезов ауданы әкімінің аппараты (.Алтынсарин даңғылы, 23) |
|
|
Бостандық ауданы |
|||
|
14.03.2023 ж. |
10.00 |
Актовый зал школы №69 мектептің акт залы ( Ғабдуллин көшесі, 67) |
|
|
Жетісу ауданы |
|||
|
16.03.2023 ж. |
15.00 |
«Бақытты отбасы» орталығы ( Жансугіров көшесі, 65) |
|
|
Медеу ауданы |
|||
|
28.03.2023 ж. |
11.00 |
№172 мектеп-гимназия (.Думан ш/а, Қарашаш көшесі, 15) |
|
|
Наурызбай ауданы |
|||
|
27.03.2023 ж. |
10.00 |
Наурызба ауданы әкімінің аппараты ( Шұғыла ш/а, 347) |
|
|
Түрксіб ауданы |
|||
|
24.03.202 3ж. |
15.00 |
«Бақытты отбасы» орталығы (. Р.Зорге көшесі, 9) |
|