2023 жылғы 11 қаңтарда сағат 06:00-дегі жағдай бойынша Алматыда қар тазалау бойынша ақпарат

2023 жылғы 11 қаңтарда сағат 06:00-дегі жағдай бойынша Алматыда қар тазалау бойынша ақпарат

10 қаңтар сағат 23:00-ден 11 қаңтар сағат 06:00-ге дейін коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызметкерлер арнайы техниканың көмегімен жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеді. Осы уақытта қала бойынша қар тазалаушы машиналардың 18 колоннасы қозғалды. Нәтижесінде 1260 текше метр қар шығарылды.

Қазіргі уақытта қоғамдық орындарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті және жерасты өткелдерін тазарту жұмыстары жалғасуда.

Түнде қала көшелерінде барлығы 360 адам және 460 бірлік арнайы техника, оның ішінде 204 сыпыру-жинау машиналары жұмыс істеді.

Қар толассыз жаууда. Қалада 15 см қар жауды, таулы жерлерде - 20-25 см.

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы