Рысқұлов даңғылында жол қозғалысы сызбасының өзгертілуі туралы

Рысқұлов даңғылында жол қозғалысы сызбасының өзгертілуі туралы

Көлік ағынын өткізу қабілетін арттыру мен қақтығыстардың алдын алу мақсатында 2023 жылғы 5 қаңтардан бастап эксперименталды түрде Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында Рысқұлов даңғылынан батыс және шығыс бағытта солға бұрылуға тыйым салынады.

Жұмыстарды Қалалық мобилділік басқармасы мен жол қозғалысын бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік уәкілетті оорган Алматы қ. полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе отырып жүзеге асыратын болады.

2023 жылғы 1 наурызға дейін мамандар аталған аумақтың, бағдаршам нысандары мен бұрылу орындарының көлік өткізу қабілеттілігіне талдау жасап, оның нәтижесіне сәйкес шешім қабылдайды.
Жол жүру ба,ыттарыңызды алдын ала ойластырып, ҚР жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.

Алматы Қалалық мобилділік басқармасы