
Алматыда «Медеу» биік таулы спорт кешенінің 50 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті
Алматыдағы «Медеу» биік таулы спорт кешенінің 50 жылдығына орай, 25 желтоқсанда мұз айдыны аумағында салтанатты іс-шара өтті.
Алматылықтар мен қала қонақтары мәнерлеп сырғанаудан танымал спорт жұлдыздары Роман Костомаров, Евгения Медведева, Татьяна Тотьмянина, Максим Маринин, Оксана Домнина, Максим Шабалин және Морис Квителашвили қатысқан шоуды тамашалады.
Мұз айдыны аумағында бірқатар көңіл көтеретін интерактивті алаң мен тарихи аймақ бар.
Іс-шара көрнекті қазақ спортшылары мен жаттықтырушыларының шеруімен ашылды. Сонымен қатар, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылғы Қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері және II Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева өзінің ерекше бағдарламасымен өнер көрсетті.
Мереке аясында Анастасия Игнатьеваның дирижерлігімен аты аңызға айналған «Мұзды симфония» мұз балеті мен Илья Овербухтың «Жүрек те жанып тұр» гала-шоуы өтті. Сонымен бірге, қонақтар қазақтың тұңғыш мұз шоуы «Olumpic Show» қойылымын көрді.
Мерекенің шарықтау шегі - қазақстандық әртіс әрі әнші Молданазардың кешкі концерті еді. «Медеу» биік таулы спорт кешенінің салтанаты мерекелік түнгі отшашумен аяқталды.