Бақытжан Сағынтаев COVID-2019 таралуының алдын алу жөніндегі өңірлік штабтың отырысын өткізді

Бақытжан Сағынтаев COVID-2019 таралуының алдын алу жөніндегі өңірлік штабтың отырысын өткізді

Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі өңірлік штабтың отырысын өткізді.

Штабтың төрағасы – қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровтың, қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы А. Молдағасымованың, Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Т. Әбілдаевтің, Көліктегі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитетінің басқармасы бөлімінің басшысы Н. Доғалбаевтың есептері тыңдалды.

Бүгін Алматыда коронавирус тіркелген жоқ. Стационарларда 490 адам карантинде, ал үй карантинінде 407 азамат жатыр. Барлық адамдардың жағдайы қанағаттанарлық. Катаралды құбылыс белгілері анықталған жоқ. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспары іске асырылуда.

Әкім қала тұрғындарын диагностикалық тесттермен қамтуды кеңейту, үй карантиніндегі адамдарды бақылауды жүзеге асыратын медициналық ұйымдар мен медициналық санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, COVID-2019 әкелуге және таратуға қарсы әрекет ету бойынша билік қабылдайтын шаралар туралы азаматтарды ақпараттандыру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев коронавирустық инфекция тіркеле қалған жағдайда қаланың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету алгоритмін әзірлеуді тапсырды.