Алматы қаласы ҚХА мүшесі Алғыс айту күні жайында — Біз Қазақстанда бір отбасыдай тату-тәтті өмір сүрудеміз

Алматы қаласы ҚХА мүшесі Алғыс айту күні жайында — Біз Қазақстанда бір отбасыдай тату-тәтті өмір сүрудеміз

Алғыс айту мерекесі аясында Алматыда «Мың тағдыр – бір Ел» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. «Элефтерия» гректер қоғамы ҚБ төрағасы Георгий Иорданиди осы мерекенің барлық этностар үшін маңыздылығы туралы айтты.

«Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Бұл мерекеде түр-түсімізге, діни сенімімізге қарамастан, бір-бірімізге Қазақстанда тату-тәтті отбасы болып өмір сүріп жатқанымыз үшін алғыс айтуымыз тиіс. Бұл достықтың кірпішін қиын-қыстау заманда өмір сүрген әкелеріміз бен аталарымыз қалаған», — деді Қазақстанның грек қоғамдары қауымдастығының президенті Георгий Иорданиди.

Сонымен қатар Георгий Иорданиди барлық этностардың достық қарым-қатынасын сақтау мен одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

«Менің ойымша, енді біз, этномәдени бірлестіктердің басшылары, аға ұрпақ өздерінің балаларына, немерелеріне Қазақстан достықтың пен еңбектің арқасында бой көтергенін жеткізуіміз керек. Бұл біздің қолымыздан келеді деп ойлаймын. Мен баршаңызды осы мерекемен құттықтағым келеді», — деді Георгий Иорданиди Қазақстандағы барлық гректер қоғамы қауымдастығының атынан.