Алғыс айту күні әлемнің бірқатар елінде бар — Алматының этномәдени бірлестіктері «Алғыс айту күнімен» құттықтайды

Алғыс айту күні әлемнің бірқатар елінде бар — Алматының этномәдени бірлестіктері «Алғыс айту күнімен» құттықтайды

Алматыдағы Достық үйінде «Алғыс айту күні» мерекесіне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

«Шыны керек, көктемнің алғашқы күні "рахмет" сөзімен басталады. 1 наурыз күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні, Алғыс айту күні, бұған қоса, көктемнің бірінші күні атап өтіледі. Сондықтан, Кеңес үкіметі билеген жылдары ұлы далаға қоныс аударған халықтар қазақ халқына шыдамдылық танытып, қонақжайлық көрсеткендері үшін алғыс білдіреді», — деді «Барбанг» Қазақстандағы күрдтер қауымдастығының Алматы филиалының төрағасы.

Оның айтуынша, бұл күн кездейсоқтық емес. 1 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл ұйымның құрамына 800-ден астам этномәдени бірлестіктер кіреді.

«Алғыс айту күні әлемнің көптеген елдерінде бар. Бұл дәстүр бізді одан әрі жақындастыруға, халықтың бірігуіне септігін тигізеді. Өз Отанының нағыз ұлына айналған жандардың жалпыұлттық махаббат мерекесі іспеттес бұл», — деді В. Набиев.

2015 жылдың сәуір айында ҚХА-ның 22-ші сессиясы мен ҚХА-ның 20 жылдығын мерекелеу кезінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қазақстанда Алғыс күнін атап өтуді ұсынды. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген махаббаты мен достығының жарқын белгісі болып табылады.