Тіркелмеген алматылықтар 55 сайлау учаскесінде дауыс бере алады

Тіркелмеген алматылықтар 55 сайлау учаскесінде дауыс бере алады

Алда келе жатқан кезектен тыс президент сайлауында Алматы тұрғындары тіркеуде бар-жоғына қарамастан, дауыс бере алады.
Заңнамада уақытша немесе тұрақты тіркелген азаматтар дауыс бере алатыны анық жазылғанын атап өтейік. Сондықтан қазіргі сайлау науқанына дейін тұрақты тіркеуі жоқ қазақстандықтардың дауыс беруіне жол берілмей келген.

Үкімет қаулысымен ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, бұл азаматтардың тіпті сайлау күні тікелей сайлау учаскесінде тіркелуіне мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес азаматты сайлау құқығын жүзеге асыру және сайлаушылар тізіміне енгізу мақсатында тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды тіркеу тұрғын үй, ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші негізінде дауыс беру күні сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша ғимаратқа немесе үй-жайға тіркеуге рұқсат етіледі», - делінген ішкі мигранттарды тіркеудің жаңартылған қағидаларында.

Осылайша, тіркеуі жоқ алматылықтар мен басқа өңірлердің тұрғындары 20 қараша күні сайлауда дауыс бере алады.

Сайлау күні әрбір ауданда арнайы учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істейді, олар арқылы дауыс беру үшін бір күнге тіркелуге болады.
Келесі күні, 21 қарашада жүйе сайлау учаскесінің мекен-жайы бойынша тіркелген азаматтарды есептен шығарады.
Алматыда сайлау күні 55 сайлау учаскесі жұмыс істейді, қалада тіркеуі жоқ болған жағдайда оларға тіркеліп, дауыс беруге болады, бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова айтты.

Учаскелердің тізімі қоса беріледі.

Аумақ/қала Учаске № Мекен-жайы (көше, үй №) Орналасқан жері (мектеп, мәдениет үйі, мемлекеттік мекеме және т. б.)
2 3 4 5
Алатау 20 Шаңырақ-2 шағынауданы, Жанқожа батыр көшесі, 134 «№26 Жалпы білім беру мектебі» КММ
Алатау 23 Ұлжан-1 шағынауданы, Жалайыр көшесі, 48 «№152 мектеп-гимназия» КММ
Алатау 35 Өжет шағынауданы Әуезов көшесі, 48 «№156 Жалпы білім беру мектебі» КММ
Алатау 485 Алғабас шағынауданы, Алдияр көшесі, 16 «№185 Жалпы білім беру мектебі» КММ
Алатау 487 Мадениет шағынауданы, Сүлейменов көшесі, 15 «№196 Жалпы білім беру мектебі» КММ
Алатау 569 Нұркент шағынауданы, 12 «№201 мектеп- гимназия» КММ
Алатау 615 Саялы шағынауданы, Аққайнар көшесі, 3 «№204 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Алмалы 61 Бөгенбай батыр көшесі, 260 «№124 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Алмалы 79 Мұратбаев көшесі, 200 «Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТУ» АҚ
Алмалы 84 Шевченко көшесі, 97, «Логистика және көлік академиясы» АҚ
Алмалы 95 Әди Шәріпов көшесі, 53 «№95 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Алмалы 109 Райымбек даңғылы, 174 «Алматы сән және дизайн колледжі» МКҚК
Алмалы 111 Панфилов көшесі, 127 «Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ
Алмалы 115 Чайковский көшесі, 7 «Алматы туризм және қонақ жайлылық индустриялық колледжі» КММ
Әуезов 139 Жандосов көшесi, 63 «Алматы көпсалалы колледжі» МКҚК
Әуезов 170 Саин көшесi, 32 «Алматы құрылыс-техникалық коледжі» МКҚК
Әуезов 166 Тастақ-1 шағынауданы, 1В «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі» МКҚК
Әуезов 147 8 шағынаудан , 45 «№119 мектеп-лицейі» КММ
Әуезов 140 10 шағынаудан, 23Г «№1 мектеп-гимназиясы» КММ
Әуезов 141 Жандосов көшесi, 55 «Нархоз университетi» АҚ
Әуезов 200 Жетiсу-1 шағынауданы, 32А «Қазақ жол қатынастары университеті»
Бостандық 255 Сәтбаев көшесі, 3А «№23 мектеп-гимназия» КММ
Бостандық 248 Түркебаев көшесі, 233 «М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия» КММ
Бостандық 250 Панфилов көшесі, 205 «М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей» КММ
Бостандық 234 «Орбита-3» шағынауданы, 55А «№40 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Бостандық 238 «Орбита-3» шағынауданы, 55 «№45 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Бостандық 271 Бұқар Жырау бульвары, 50Б «№10 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Бостандық 244 Гагарин даңғылы, 135А «Әділет колледжі» ЖШС
Бостандық 296 Ғабдуллин көшесі, 67 «№69 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Бостандық 298 Гагарин даңғылы, 311 «№146 мектеп-лицей» КММ
Бостандық 287 Тимирязев көшесі, 50 «Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі» МКҚК
Жетісу 347 Жансүгіров көшесі, 352 «№101 Мектеп-гимназия» КММ
Жетісу 327 Айнабұлақ-2 шағын ауданы, 65А «№137 Жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жетісу 338 Колпаковский көшесі, 26 «№143 Сүйінбай А. атындағы мектеп-лицей» КММ
Жетісу 354 Құлагер шағын ауданы, 52 «№148 Мектеп-гимназиясы» КММ
Жетісу 498 «Кемел» шағын ауданы, Жар-жар көшесі, 54 «№193 Жалпы білім беретін мектеп» КММ
Медеу 371 Достық даңғылы, 59 «№35 Гимназия» КММ
Медеу 370 Алатау ықшам ауданы, Жетбаев көшесі, 15 «№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Медеу 378  проспект Абая, 8 «Қазақ ұлттық аграрлық университет» КЕАҚ
Медеу 366 Орынбор көшесі, 17 «73 Гвардиялық Қызыл тулы Сталинград Дунай атқыштар дивизиясы атындағы №64 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Медеу 374 Қалдаяқов көшесі, 62 «№33 мектеп-лицей» КММ
Медеу 412 Думан шағын ауданы, Қарқаралы көшесі, 15 «№172 мектеп-гимназия» КММ
Медеу 415 М. Жуков көшесі, 140 «№77 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Наурзыбай 505 Қалқаман-2 шағын ауданы, Қыдырбеков көшесі, 32 «№157 жалпы білім беретін мектеп»
Наурзыбай 507 Қалқаман-2 шағын ауданы, Сәдуақасұлы көшесі, 47 «№176 мектеп-гимназиясы» КММ
Наурзыбай 513 «Қарағайлы» шағын ауданы, Қали Надыров көшесі, 50 «№192 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Наурзыбай 539 Шұғыла шағын ауданы, 340Б «№174 мектеп-гимназиясы» КММ
Наурзыбай 541 Таусамалы шағын ауданы, Жандосов көшесі, 4 «№188 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түрксіб 425 Огарев көшесі, 6 «№44 мектеп-гимназия» КММ
Түрксіб 432 Сүйінбай даңғылы, 505 «№32 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түрксіб 444 Нұрсая көшесі, 56 «№84 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түрксіб 436 «Жұлдыз-1» шағынауданы, 20 үй «№142 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түрксіб 453 Шолохов көшесі, 28 «№83 Мектеп-гимназия» КММ
Түрксіб 455 Л. Толстой көшесі, 20 «№61 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түрксіб 551 «Жас қанат» шағынауданы, 129 үй «№198 жалпы білім беретін мектеп» КММ