Алматыда 200-ден астам балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Президенттік Жаңа жыл шыршасына қатысты

Алматыда 200-ден астам балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Президенттік Жаңа жыл шыршасына қатысты

«Бүгінгі Жаңа жылдық шырша айналасына біздің үлкен әрі тату еліміздің балалары жиналды. Өтіп бара жатқан жылда сендердің барлығың білім алдыңдар, спорттық жарыстарда жетістіктерге жеттіңдер, түрлі конкурстарда жеңімпаз атандыңдар. Сендердің әрқайсыларың бұдан да биік шыңдарға құлаш сермедіңдер. Бұл асыл қасиет сендердің ғана емес, барша Қазақстанның күш-қуатын арттырады. Қымбатты балалар, Жаңа жылда да сендердің барлық ниет-тілектерің мен армандарың орындалсын», - деп атап өтті өзінің құттықтауында Нұрсултан Назарбаев.

Мемлекет басшысының атынан балаларға сыйлықтар салынған арнайы сөмкелер берілді, оның ішінде қысқы киімдер, кеңсе тауарларының жиынтығы, планшеттер, ойыншықтар мен тәттілер бар.

Мерекелік шараға ертегілер кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақша қар, «Ісмер» ансамбльі, «KeshYou» тобы, цирк артистері, Мұтұрғанов Мұраттың шоуы мен X-Фактор жобасының финалистері және басқалары қатысты.