Алматыда №92 бағыт автобустары жаңарды

Алматыда №92 бағыт автобустары жаңарды

Қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша №92 бағыт 12 метрлі 20 жаңа автобустармен толықты. 100%-ға жаңарған жылжымалы состав қала көшелеріне 19 қазанда шықты.

Барлық көліктер төмен еденді, сыйымдылығы үлкен әрі қала жолаушыларын тасымалдау үшін арнайы жасалған. Автобустар табиғи газбен жүреді, кондиционер және видеобақылау орнатылған. Сыйымдылығы — 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жандар үшін 3 орын бар.

Бұдан өзге, №92 бағыт қала орталығына қатынау үшін Түрксіб, Алмалы және Әуезов аудан тұрғындары үшін ыңғайлы, соңғы аялдамасы болып «Халықаралық Алматы әуежайы» белгіленді.