2020 жылдың 16 ақпанында Алматыдағы қарды тазалау бойынша ақпарат

2020 жылдың 16 ақпанында Алматыдағы қарды тазалау бойынша ақпарат

16 ақпан күні Алматы қаласында түнгі сағат 03.00-де бастаған жаңбырдың арты қарға айналды.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға, жол қиылыстары мен жолайрықтарға тайғаққа қарсы материал себілді. Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша тайғаққа қарсы 3073 тонна материал пайдаланылды. Сағат 05.00-ден бастап қар тазалайтын көліктерден колонналар ұйымдастырылды. Олардың кедергісіз жүруі үшін жол полициясының патрульдік машиналары көмекке келді.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көлік тұрақтарын тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Қар тазалау жұмыстарына 597 бірлік техника мен 1668 жол жұмысшылары жұмылдырылды. Қаланың жоғарғы бөлігінде қар 15 см-ге дейін, таулы аудандарда 25 см-ге дейін түсті.