
Мегаполисте ағымдағы жылы 29 қазан мен 1 желтоқсанға дейінгі аралықта өткен денсаулық айлығы аяқталды.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша өткен денсаулық айлығы барысында медицина қызметкерлері шет аудандардың 10 мыңнан астам тұрғынын қарады.
Қаралғандар арасында түрлі сырқаттар анықталды. Қан қысымы гипертониямен ауыртатындар басым, ал екінші орында қандағы холестерин, яғни гиперхолестеринге шалдыққандар, үшінші орында неврологиямен ауыратындар тұр. Бұлардан өзге, тыныс алу жолдары, түрлі жүрек аурулары, асқазан, катаракт және басқа сырқаттарға ұшырағандар белгілі болды.
Барлық қаралғандар арасынан 746 адам диспансерлік есепке алынды.
Еске салсақ, айлық шет және қала маңындағы аудандар тұрғындарының дәрігерлік кеңестер алуы, қадамдық жақындықта өздерінің денсаулықтарын тексерулері үшін ұйымдастырылды.
Көптеген адамдардың, олардың ішінде егде жандардың емханаға барып, дәрігерлерге қаралуға уақыттары әрі мүмкіндіктері бола бермейді.
Жоғары білікті арнайы мамандар – терапевтер, педиатрлар, кардиологтар, ЛОР-дәрігерлер мен хирургтар қабылдаулар жүргізді.
Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу үшін бастауыш медициналық тексеруден өту қажет.