
Алматы қаласында 14 желтоқсан күні сағат 10:30-да қар жауды.
Сағат кешкі 17:00-дегі жағдай бойынша қалада 1,5-2 см, тау бөктеріндегі және таулы аудандарда 5-6 см-ге дейін қар түсті. Қазіргі уақытта автомобиль жолдарына тайғаққа қарсы материалдар себу, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 531 бірлік арнайы техника, оның ішінде 192 құм шашқыш және 1 531 жол жұмысшылары жұмылдырылды.
Түнгі уақытта 438 бірлік техника (182 құм шашқыш) және 274 жол жұмысшылары шығады. Қажет болған жағдайда жол полициясының патрульдік машиналарының ілесіп жүруімен жол бөліктерінен өтіп бара жатқан колонналармен қар күреледі.