
Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Сартаевпен қоштасты.
Сұлтан Сартайұлы Сартаев 13 желтоқсанда өмірден озды.
Барша алматылықтардың атынан С. Сартаевтың отбасы мен жақындарына қолдау көрсетіп, көңіл айтқан қала әкімі Б.Сағынтаев: «Сұлтан Сартайұлының Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуына қосқан үлесі зор. Ол — үлкен мұра қалдырған, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген мамандарды тәрбиелеп отырған заң және құқықтық саланың көрнекті қайраткерлерінің бірі», – деді.
Ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, құқықтану және халықаралық қатынастар институтының ректоры, байырғы халықтар мен этникалық азшылықтар Қазақ халықаралық қорының президенті, Қазақстан заңгерлері қауымдастығының вице-президенті С. Сартаев Қазақстан Конституциясын құрудың бастауында тұрған.