
«Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қала әкімі Б. Сағынтаев қатысты.
Айтулы іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен олардың туысқандары қатысып, қаза тапқандарды еске алуға арналған бір минуттық үнсіздік жарияланды.