Алматыда Жастар жылының қорытындысы шығарылды

Алматыда Жастар жылының қорытындысы шығарылды

Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен «Tuńǵyshtar kezeńi» жастар форумында Жастар жылының қорытындысы шығарылды. Форум барысында оған қатысушыларға Алматы қаласы жастар ұйымдарының әлеуметтік жобалары таныстырылды.

 

«Алматы – жаcтар қаласы. Бүгінгі күні мегаполистегі жастар саны 700 мыңға жуық. Яғни, қаланың әрбір үшінші тұрғыны – жас адам. Олардың 233 мыңы – студенттер. Білім қуған жастар 39 жоғары оқу орны мен 80 колледждерде сапалы дәріс алуда. Достар, еліміздің болашағы біздің білімімізге, күш –жігерімізге және патриотизмге тікелей байланысты», - деді шараға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Қала әкімдігі жастарды қолдау мен оларды дамытуға ерекше назар аударады. Қолжетімді әрі сапалы білім алу, еңбекпен және тұрғын үймен қамту, жас отбасыларға қолдау көрсету мәселелері шешімін табуда. Тұңғыш Президент – Елбасы тапсырмасының аясында жұмыс істейтін жастарға қазірдің өзінде жалдамалы тұрғын үйден 249 пәтердің кілті тапсырылды.

Көптің қолдауына ие болған «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы одан әрі жалғасатын болады. 2020 жылы жұмыс жасайтын жастар қосымша 1000 пәтермен қамтамасыз етіледі.

Жастарды еңбекпен қамту ойдағыдай жүзеге асуда, мысалы, жыл басынан бері қарай 29 жасқа дейінгі 14 966 жас жұмысқа (12019 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, 1140 адам жастар практикасына тартылды, 450 адам әлеуметтік, ал 1357 адам қоғамдық жұмыстарды атқаруда) орналасты. 664 адам қысқа мерзімді курстарда оқыды.

Алматы қаласының «Бастау бизнес» бағдарламасының «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша бірінші, екінші және үшінші кезектерде NEET санатындағы 18-ден 29 жасқа дейінгі жастар білімдерін жетілдірді. Жоба қаланың сегіз ауданын түгел қамтыды, сабақтар 34 оқу сыныптарында өтті. Бұл жоба жастарға кәсіпкерліктің негіздерін үйретті, өз істерін ашуға мүмкіндік берді, жарты миллион теңге көлемінде (200АЕК) грант ретінде алғашқы капитал алуға жол ашты. Сонымен қатар, жобаға қатысқандардың әрқайсысы 16 759 теңге көлемінде стипендия алды.

Алматы колледждерінде алғашқы жұмысшы мамандығын алуға барлық жағдайлар жасалған. Ол үшін қала колледждерінде жұмысшы мамандығын тегін оқыту үшін жыл сайын 11 мыңнан астам орын бөлінеді. Жұмысшы мамандығы бойынша оқитын студенттерге ыстық тағам, стипендия беріледі.

«Болашақ Алматы – кәсібилердің, ғалымдардың, басқарушылардың, бизнесмендердің және басқалардың жаңа ұрпақтары тұратын, өмір сүретін және еңбек ететін Алматы. Олар – мына сендерсіңдер, жастар. Сендер – қаламыздың баға жетпес адами капиталысыңдар», - деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.

Алматы жастары мен волонтерлері ҚР Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың Нұр-Сұлтан қаласында жастармен кездесу кезінде волонтерлер туралы айтқан бастамасына қолдау білдірді. Осыған орай, Алматы қаласында негізгі бағыттар бойынша жұмыс топтары белгіленді, бағыттар мынадай: «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл Мұра», «Қамқор», «Білім», «Үміт».

Форум барысында әр салада жұмыс жасайтын белсенді жастар марапатталды. Олардың арасында жас кәсіпкерлер, ғалымдар, режиссерлар, әртістер, суретшілер, жоо-ның оқытушылары, жастар қозғалыстарының көшбасшылары бар.

 

«Алматы – город молодежи. На сегодняшний день в мегаполисе насчитывается около 700 тысяч молодых людей. То есть каждый третий житель – молодой человек. Из них 233 тысячи – студенты. Они получают качественное образование в 39 вузах и 80 колледжах. А качественное образование – залог будущего. Друзья, будущее нашей страны - напрямую связаны с вашими знаниями, усилиями и патриотизмом», - сказал заместитель акима города Алматы Ержан Бабакумаров, поприветствовав участников мероприятия.

Акиматом города уделяется большое внимание поддержке и развитию молодежи. Решаются практические вопросы как доступное и качественное образование, работа, жильё и поддержка молодых семей. В рамках поручения Первого Президента - Елбасы Нурсултана Абишевича Назарбаева уже выданы 249 ключей от квартир арендного жилья для работающей молодежи.

Также, хорошо зарекомендовавшая себя городская программа «Алматы жастары» найдет свое продолжение. В 2020 году работающая молодежь дополнительно будет обеспечена 1000 квартирами.

Результативно ведётся работа и по трудоустройству молодежи, так с начала года трудоустроено 14 966 молодых людей в возрасте до 29 лет (на постоянные рабочие места – 12019 человек, на молодежную практику – 1140 человек, на социальные рабочие места – 450 человек, на общественные работы – 1357 человек). На краткосрочные курсы обучения направлены 664 человека.

В рамках проекта «Жас кәсіпкер» программы «Бастау бизнес» в г. Алматы по первому, второму и третьему потоку обучились 2650 молодых людей из категории NEET в возрасте от 18 до 29 лет. Проект охватил 8 районов города, где функционировали 34 учебных класса. Данный проект позволил молодежи овладеть основами предпринимательского дела, найти свою нишу, открыть свой бизнес, получить стартовый капитал в виде гранта в полмиллиона тенге (200 МРП), а также каждому участнику получить единоразовую стипендию в размере 16 759 тенге.

Предоставляется хорошая возможность для молодежи овладеть в колледжах Алматы первой рабочей профессией. Для этого в городе ежегодно выделяется свыше 11 тысяч мест для бесплатного обучения в колледжах. Студенты по рабочим специальностям обеспечиваются бесплатным горячим питанием и стипендией.

«Будущее Алматы – это Алматы нового поколения профессионалов, ученых, управленцев, бизнесменов и многих других. И именно вы, молодежь – бесценный человеческий капитал города», - отметил Ержан Бабакумаров.

Молодежьи волонтерыАлматыподдержали инициативы Президента РКК.-Ж. К. Токаевапо волонтерству,озвученные во время встречи с молодежью в городе Нур-Султан. В Алматы определены рабочие группы по основным направлениям: «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл Мұра», «Қамқор», «Білім», «Үміт».

В ходе форума награждались активные молодежи города с разных сфер деятельности. Среди них есть молодые предприниматели, ученые, режисеры, актеры, художники, преподаватели ВУЗ-ов, лидеры молодежных движений.