
Алматыдағы баспасөз мәслихатында Тәуелсіз Автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоков мегаполисте «Сергек» фото- видеофиксация және талдау жобасын орнатуға қолдау білдірді.
Еске салсақ, 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Алматы жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 400 аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылған болатын.
Сарапшының пікірінше, «Сергекті» енгізу жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
«Сергектерді» енгізу дұрыс әрі пайдалы деп есептеймін. Бұл қатардағы әлемдік тәжірибе. Біздерді, жүргізушілерді жол-көлік қозғалысы кезінде бақылау, ал ережені бұзатын болсақ, жазалау қажет. Қазіргі кезде осы тақырыпқа қатысты көтерліген хайп толқыны бірінші кезең ғана, біртіндеп барлығымыз бұған үйренетін боламыз», - деді Э.Эдоков.
Бұдан өзге, ол кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауда маңызды шарт болып табылатын белдікті қадау туралы ережені көпшіліктің жатырқай қабылдағанын еске салды.
Сарапшы автоәуесқойларды жол қозғалысы ережесін сақтауға шақырды.