Ж. Мұратәлиев «Сергек» туралы: Барлық айыппұлдар соңғы тиынына дейін мемлекеттік бюджетке түседі

Ж. Мұратәлиев «Сергек» туралы: Барлық айыппұлдар соңғы тиынына дейін мемлекеттік бюджетке түседі

Бүгін Алматыда жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

 

Жандос Мұраталиев өзінің сөзінде ЖКО санының артуы салдарынан апат жиі болатын жерлерге «Сергек» кешенін орнату туралы шешім қабылданғанын айтты. Мұнда азаматтардың ұсыныстары да ескерілді. Олардан 30 мыңнан астам ұсыныс түскен.

Алматыда 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап «Сергек» видеофиксациясының 400 камерасы ресми түрде орнатылды.Бұл жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалған.

«Әкімшілік айыппұлдар соңғы тиынына дейін мемлекеттік бюджетке түседі. Өзге өңірлерде жол-көлік оқиғасының санын қысқартуға қолжетті», - дедіАлматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев. Түскен қаражат жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына жұмсалады.

Айта кетерлігі, «Сергек» мынадай ЖКО түсіріп алады:

-         жылдамдықты асыру;

-         бағдаршамның тыйым салған дыбысын елемеу;

-         жолақ талабын бұзу, тоқтау желісінен өту;

-         қоғамдық көлікке бөлінген жолаққа шығып кету.

Бұлардан өзге, «Сергек» жүйесі жаяу жүргішілердің реттелмеген өтпелі жолдарын бақылайды. Жол–көлік қозғалысы бұзылған жағдайда мәліметтер жол қозғалысы қауіпсіздігінің автоматты ақпараттық жүйесіне беріледі, әкімшілік полиция оны тексерген соң ғана тәртіп бұзғандарға айыппұл төлеу үшін жіберіледі.