
Алматы қаласы әкімдігінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында жасыл қорды дамыту перспективалары туралы айтты.
Сондай-ақ баспасөз конференциясына «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Батыр Әлімжанов пен Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығының президенті Татьяна Антоненко қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 28 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қол қойды. Алматы әкімдігі 28 жаңа құзіретті енгізуге бастама жасады, оның ішінде жасыл экономиканы дамыту бөлігіне де назар аударды.
Алматы әкімдігінің жаңа құзыретінің бірі – Алматы қаласының жасыл желегін ұстау мен қорғаудың жеке Ережесін әзірлеу мен бекіту мүмкіндігі.
Жаңа ережелерді әзірлеу мегаполистің жасыл қорын дамыту жөніндегі жұмыс тиімділігін арттырады. Айтатын болсақ, бұрыннан бар проблемаларды шешу тетіктері енгізіледі. Олар – стандарттар, регламенттер, нұсқаулар, әдістемелік тұжырымдамалар. Бұлардың барлығы елдімекендердің аумағында өсетін жасыл желекті ұстау және қорғау, рұқсат құжаттары болмаса да, ағаш кесуге жол бергендерге қайта ағаш отырғызу нормаларын реттейтін болады.
Е. Сейтеновтың айтуынша, ағаштарды заңсыз кесу кезінде жасыл қорға келтірілген залалды есептеу әдістемесі болмады, жасарту, кронды қалыптастыру, жасыл желектерді санитарлық кесу үшін рұқсат алу талап етілмеуі, бұл жұмыстармен нақты тәжірибесі жоқ адамдардың айналысуына әкеліп соқтырды. Нәтижесінде осының барлығы жасыл желектердің түрі мен жай-күйінің нашарлауына алып келді.
Жасыл желекті ұстау мен қорғаудың жаңа ережелеріне оларды жасарту, санитарлық кесу, жасыл желекті күтіп-баптау жөніндегі технологиялық нұсқаулар, заңсыз кескені, жасыл желекке залал келтіргені үшін жауапкершілікке тарту, қаланың жасыл қорын қорғау нормалары енген.
Е. Сейтенов жаңа ережелерді әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылғанын, оның құрамына сарапшылар қоғамдастығының, жұртшылықтың және ғылым өкілдерінің енгенін айтты. Қазір жоба 90%-ға дайын.
Жаңа Ережелердің жобасына бірқатар жаңа нормалар енген. Олардың негізгілері:
Ережелер жобасы кеңінен талқылану үшін ашық көздер арқылы жарияланады, оның ішінде Алматы қаласының жасыл экономика басқармасының ресми сайтында. Ниет білдірушілердің барлығы жасыл қорды жақсарту жөніндегі жеке ұсыныстарын жібере алады.
«Жұртшылықпен, «Атамекен» ҰКП-мен және басқа да мүдделі органдармен, ұйымдармен келісілген соң жасыл желекті ұстау және қорғау жөніндегі жаңа ережелерді бекіту үшін Алматы қаласының маслихатына ұсынылады», - деп атап өтті сөзінің соңында Е. Сейтенов.