Т. Әбілдаев МӘМС жайында: «Міндетті сақтандыру – барлық медициналық қызметтерге қол жеткізу»

21 қаңтар күні №5 қалалық клиникалық емхана алаңында баспасөз-туры өтіп, брифинг барысында БАҚ өкілдеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтардың қызмет алу барысы түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халыққа Жолдауына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Жаңа жүйе медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев өз сөзінде бүгінгі күні барлық медициналық қызмет көрсету орталықтары МӘМС шеңберінде азаматтарға уақытылы медициналық көмек көрсету үшін қажетті инфрақұрылыммен жабдықталғанымен бөлісті.

«Қаланың техникалық тұрғыда дайындығы өте жоғары. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық ақпараттық жүйелер енгізілген, жұмыс орындары компьютерлік техникамен 100% қамтамасыз етілген. Тағы айта кететіні, медицина жүйесінің инфрақұрылымы дайындалды. Медициналық оңалтуға өткен жылмен салыстырғанда 10 есе, емханалар деңгейінде консультациялық-диагностикалық бөлімшеге 6 есе артық қаржы бөлінді», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Алматы халқына медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау нысандарының базасында 271 емдеу ұйымы тіркелген. Оның ішінде, сақтандыру пакеті шеңберінде 147 медицина ұйымымен 218 келісімшарт бекітілген. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі арқасында 2020 жылы медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіру қызметін көрсететін клиникалар саны 62-ге жетті. Оның 25-і – жеке меншік. Өткен жылы аталған қызмет түрін көрсететін ұйымдар саны төртеу ғана болатын.

Барлық медициналық қызмет көрсетулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру немесе тегін медициналық көмектің кепілді көлемі пакеттері арқылы жүзеге асатын болады. Бұл қызмет көрсетулерге қымбат ота жасау, тар бейінді мамандардың қабылдауы және өмір сапасын арттыруға бағытталған барлық қызмет түрлері жатады. Одан бөлек, МӘМС бұған дейін қолжетімсіз болған қызметтерді: компьтерлік томография, магнитті-резонансты томография, анализдердің барлық түрлері т.б. алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бастапқы тегін медициналық көмектің тізбесіне кірмейтін аурулар кезінде жоспарлы стационарлық көмек көрсетілетін болады.

Қазір еліміздің барлық азаматтары МӘМС пакетіндегі қызметтерді сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан пайдалана алады. Бұл тұрғындардың жаңа жүйенің барлық артықшылықтарын сезініп, көріп-білуі үшін жасалып отыр. Ал, сәуірдің бірінен бастап медициналық қызметті толық пайдаланғысы келетін пациент міндетті түрде сақтандырылған болуы шарт. Бүгінде екі түрлі жолмен МӘМС қатысушысы болуға болады:

Дербес төлеушілер үшін - ең төменгі жалақының 5% төлеу. Бұл бүгінгі күні айына 2125 теңгені немесе жылына 25,5 мың теңгені құрайды.

Қалаларда тұратын бірыңғай жиынтық төлемді (шок) төлеушілер үшін айына 1 АЕК немесе жылына 31 812 теңге, ауылдық жерлерде - 0,5 АЕК немесе жылына 15 912 теңгені құрайды.

Бүгінгі күні ММС жүйесіне төлеу Қазпошта бөлімшелері, екінші деңгейдегі 25 банк арқылы, одан бөлек Интернет банкинг порталдары, Халық банкінің және Қазпошта АҚ-ның өзіне-өзі қызмет көрсету филиалдары арқылы қашықтан жүзеге асырылады.

«Міндетті сақтандыру - барлық медициналық қызметтерге қол жеткізу. МӘМС арқасында тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне жатпайтын медициналық қызмет түрлеріне қол жеткізуге болады. Бұл - жаңа жүйенің басты артылықшылығы», - деп атап өтті Т. Әбілдаев.