Алматы әкімдігі – мониторинг жүргізетін топ 25 денсаулық сақтау нысандарындағы медициналық қызметтің сапасын тексерді

Алматы әкімдігі – мониторинг жүргізетін топ 25 денсаулық сақтау нысандарындағы медициналық қызметтің сапасын тексерді

Алматы қаласында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медицина ұйымдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) жүйесі бойынша жұмыс жасауда.

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берліген көлемі шеңберінде (ТМКК) қызмет көрсету үшін 143 жеткізушімен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша 147 жеткізушімен келісім жасады. Олар пациенттердің барлық сұрақтары мен шағымдарына жауап беретін болады. Медицина ұйымдарында көрнекі материалдар жеткілікті, видеороликтер көрсетілуде.

«Біздің басты міндетіміз – тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз мәслихаты барысында.

Туындаған сұрақтарға жедел назар аудару және «тез» шешім қабылдау үшін барлық медицина ұйымдары бойынша арнайы кесте жасалды. Ағымдағы жылдың басынан бері қарай Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы Денсаулық сақтау министрлігінің мониторинг жүргізетін тобымен бірге қаланың 25 денсаулық сақтау нысанын аралап шықты. Оларға барған кезде проблемалы мәселелер шешілуде.

Жұмыстары тиісті деңгейде ұйымдастырылған медицина ұйымдары МӘМС бизнес-процесстері бойынша үздік практика Орталықтары (№5 қалалық клиникалық аурухана, №2 босанатын үй, №17, 36 қалалық емханалар) деп танылды. Аталған Орталықтардың тәжірибелері өзге медицина ұйымдарына таратылуда.