Алматыда БДСҰ ұсыныстарына сәйкес коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары күшейтілді

Алматыда БДСҰ ұсыныстарына сәйкес коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары күшейтілді

Алматыда коронавирус инфекциясына орай эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шаралар күшейтілді. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығының алаңында Алматы қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова коронавируске қарсы қолданылатын шаралар туралы айтты.

 

Әлемдік стандарттар мен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес Алматыда вирусты таратпау бойынша санитарлық-профилактикалық шаралар күшейтілді. Медициналық бағынышты ұйымдармен бірге қажетті шаралардың барлығы жүзеге асуда.

«Әуежай мен теміржол вокзалдары арқылы туристік және миграциялық лек өтетіндіктен жолаушылар тексеріледі. Әуежайда коронавируске күдіктелген сырқаттарды оқшаулау үшін 2 арнайы карантиндік палаталар ашылды. Барлық рейстер, вирус тараған аймақтардан келгендер, күн сайын 20-сы ұшып келеді, ерекше бақылауға алынады. Рейстің барлық жолаушылары және экипаж мүшелері келген адамдардың температурасын тексеретін жылувизорлары, портатвиті аппарат арқылы тексеруден өтеді», - деді Айзат Молдағасымова.

Эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық шараларды жүзеге асырудың ведомствоаралық жоспары қабылданды, оның аясында бортсеріктердің оқуы өтті. А. Молдағасымова ауруды таратпау мақсатында стюард пен стюардессалар самолеттің ішінде жолаушыларды бақылайтынын айтты. Катаралды белгілер байқалса, ол адам бос орынға отрығызылады және оқшауланады. Әуежайға ұшып келген соң оларды әрі қарай тексеруден өткізу үшін алып кетеді.

Баспасөз конференциясында адамдар өздерін қорғаулары үшін жеке гигиенаны сақтаулары тиіс екені айтылды.

«Профилактиканың қоғамдық шаралары – қол гигиенасы, бөлмені желдету, егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз онда үйде қалып, дәрігердің ғана көмегіне жүгіну керек. Адамдар көп жиналатын жерлерде аулақ болған жөн», - деді А. Моладағасымова.

Сонымен қатар, ол қаланың медицина мекемелері мен медперсоналдың коронавирус инфекциясына күдіктелген сырқатты қабылдауға дайын екенін айтты.

«Парацетамол, ибупрофен, глюкоза ерітіндісі, физоерітінді,преднизолон, дексаметазон, гепарин, контрика сынды дәрілер,антибактериалды және вирусқа қарсы препараттар мен дезинфекциялық заттар жеткілікті», - деп сөзін қорытындылады.